Жүзуден биыл Кванджуда өткен жазғы универсиадада 100 метрге брасс әдісімен жүзуде чемпион атанған қазақстандық Дмитрий Баландин олимпиада стандарттарын орындады.
Баландиннің жазғы универсиададағы нәтижелерін FINA (Халықаралық су спорты федерациясы) ресми қабылдап, қазақстандық спортшыға олимпиада жолдамасын берді. Ол енді 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы олимпиада ойындарында 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуден жарысқа қатысады.
Дмитрий Баландин – жүзуден 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы.