Астана қаласының өзбек этномәдени орталығы бүгінгі айт мерекесіне орай әл-Ғани мешітінде «Үлкен ел - үлкен отбасы» деп аталатын қайырымдылық шарасын өткізді. Өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатовтың Азаттыққа айтуынша, қайырымдылық аясында қаладағы мұқтаж жандар мен қарттар үйіндегі адамдарға, жалпы саны 250 кісіге мерекелік айт дастарханы жайылып, шағын сыйлықтар таратылды.
«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекеме директорының орынбасары Ғазиз Телебаев Азаттыққа «осындай шаралар ел бірлігін арттыра түсетінін» айтты.
Мерекелік қайырымдылық ас Қазақстан халқы ассамблеясы мен Діни басқарманың қолдауымен өткілізілген.