Accessibility links

Ливанда чехиялық бес турист жоғалды


Ливан картасы.
Ливан картасы.

Ливанда чехиялық бес турист пен олармен бірге жүрген көлік жүргізуші ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Сенбі күні Чехия сыртқы істер министрлігінің өкілі Михаэла Лагронова тергеу ісіне кедергі болмасы үшін жоғалған чех азаматтарының аты-жөндерін әзірше жария етпейтінін айтқан.

Оның алдында ливандық баспасөз құралдары мен қауіпсіздік қызметі Чехияның бес азаматы мен жергілікті жүргізуші елдің шығысындағы Бекаа алабында ұрланған болуы ықтимал деп хабарлаған. Жоғалған алтау мінген көлік Кефрай қаласы маңынан – Бейруттен солтүстікке және Сириямен шекарадан батысқа қарай орналасқан жерден табылған. Көлікте туристердің төлқұжаттары, ақша және фотоаппараттары қалған.

Бекаа алабында бұған дейін де шетелдіктерді ұрлау оқиғалары болған. Жыл басында ол аймақта Польшадан барған екі турист жоғалып кетіп, көп ұзамай полиция оларды босатқан. 2011 жылы тағы да сол аймақта велосипедпен саяхаттап жүргенде белгісіз біреулер ұстап алып кеткен Эстонияның 7 азаматы төрт ай бойы әлгілердің тұтқынында болған.

XS
SM
MD
LG