Рамазан айы аяқталған соң, шілденің 17-і әлем мұсылмандары басты діни мейрамдарының бірі – Ораза айтты тойлауға кірісті. Оны отыз күн ораза біткен соң шәууал айының 1-3 күндері атап өтеді. Азаттық әлемнің әр түкпірінде бұл мейрамды қалай қарсы алғаны туралы фотогаларея ұсынады.
Ораза айт мейрамы

1
Рамазан айы аяқталған күні мұсылман баласы көпшілікпен бірге таңертеңгі айт намазына қатысады.
Суретте: Мәскеудегі айт намазына қатысушылар. 17 шілде 2015 жыл.
Суретте: Мәскеудегі айт намазына қатысушылар. 17 шілде 2015 жыл.

2
Рамазан айында көптеген елдерде дос-жаран, көрші-қолаңға арнап ауызашар беру дәстүрі бар.
Суретте: Ауызашарға арнап тауық еті салынған ыдыстар. Пәкістан.
Суретте: Ауызашарға арнап тауық еті салынған ыдыстар. Пәкістан.

3
Ораза айында мұсылман ауыз бекітумен шектелмей, бес уақыт намазды қаза қылмай, Аллаға мінәжат етіп, мүсәпір-міскін жандарға қайырымдылық жасайды.
Суретте: Бакуде мешітте құлшылық жасап отырған бала.
Суретте: Бакуде мешітте құлшылық жасап отырған бала.

4
Қасиетті Рамазан айы басталысымен мұсылман ауыз бекітіп, отыз күн бойы күндіз ас-су ішуден, күнәлі істерден бас тартады.
Суретте: Ауғанстанда ауызашарға нан әкеле жатқан бала.
Суретте: Ауғанстанда ауызашарға нан әкеле жатқан бала.

5
Рамазан кезінде ауыз бекіткен мұсылмандар бес уақыт намазды қаза жібермеуге тырысады.
Суретте: Кашмирде Рамазан айында намаз оқып жатқан мұсылман.
Суретте: Кашмирде Рамазан айында намаз оқып жатқан мұсылман.

6
Күнделікті өмірде пендешілікке салынып, әлденеге бола ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Үлкендер мен балаларға сый-сияпат жасалады.
Суретте: республикалық ауызашар шарасына келген әйелдер.
Суретте: республикалық ауызашар шарасына келген әйелдер.

7
Рамазан айы біткеннен соң мұсылмандардың ұлы мейрамының бірі - Ораза айт басталады.
Суретте: Ораза айтқа тәтті тағам әзірлеп жатқан адам. Жалалабад, Ауғанстан.
Суретте: Ораза айтқа тәтті тағам әзірлеп жатқан адам. Жалалабад, Ауғанстан.

8
Көптеген елдерде Ораза айт демалыс күні болып белгіленген.
Суретте: Рамазан кезінде намаз оқып отырған ер адам. Индонезия.
Суретте: Рамазан кезінде намаз оқып отырған ер адам. Индонезия.

9
Отыз күн ауыз бекітетін Рамазан айының аяқталуын айт мерекесімен арнайы атап өту 624 жылдан бастау алған деп саналады.
Суретте: Ораза айт кезінде оқылған құранға қол жайып отырған косоволық жас балалар.
Суретте: Ораза айт кезінде оқылған құранға қол жайып отырған косоволық жас балалар.

10
Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт намазын оқуы парыз.
Суретте: Қырым татарлары мешітте айт намазында отыр. Симферополь.
Суретте: Қырым татарлары мешітте айт намазында отыр. Симферополь.