20 шілдеде жерглікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:00-де "Манас" халықаралық әуежайында "Ақ жол" партиясынан жогорку кенештің бұрынғы депутаты болған К.М.К есімді азамат ұсталған. Ол халықаралық рейстердің бірімен елден шығып кетуге әрекеттенген.
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәлімдеуінше, экс-депутат 16 шілдеде арнайы операция кезінде өлген күдікті содырлармен тікелей қатынаста болған .
Кей басылымдар ұсталған депутаттың толық аты-жөні Мақсат Кунакунов Қасымжанұлы екенін жариялады.
К.М.К террористік топты қаржы және қару жарақпен қамтамасыз еткен деген күдікке ілінген. Оның бұйрығы бойынша қарулы топ қаржылық мекемелерге, жеке тұлғаларға шабуыл жасап, ақша ұрлауы да мүмкін.
16 шілдеде Бішкекте арнайы жасақ операция кезінде террористік топқа қатысы бар деген төрт күдіктіні өлтірген.