Accessibility links

Қазақстанда кешенді тестілеу өтіп жатыр


Алматыдағы тест тапсыру пункті.
Алматыдағы тест тапсыру пункті.

Қазақстанда 18 шілдеде басталған кешенді тестілеу жүріп жатыр.

Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, биылғы кешенді тестілеуге қатысуға 56 мыңнан талапкер құжат тапсырған. Оның 38 мыңнан астамы қазақ, 17 мыңнан астамы орыс тілінде тапсыруға өтініш білдірген.

Алғашқы сынақ күндері, 18-20 шілдеде 13 талапкер ең жоғарғы 100 балды алған.

Қазақстан бойынша кешенді тестілеу 22 шілдеде аяқталады.

Тест нәтижелері www.testcenter.kz сайтында орналасқан. Әр талапкер өз нәтижесін көру үшін сынақ тапсырушының жеке коды мен Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу керек.

Кешенді тестілеу - колледж бітірушілері мен өткен жылдары ҰБТ қажетті балл ала алмай қалған талапкерлерге мүмкіндік беретін сынақ түрі.

XS
SM
MD
LG