Accessibility links

Пентагон: "Әл-Каида" лидерлерінің бірі өлді


Мухсин әл-Фадли
Мухсин әл-Фадли

«Әл-Қаида» террористік ұйымының мүшесі, Батыс елдерінде терактілер ұйымдастыру жоспарына қатысы бар деген күдікке ілінген Мухсин әл-Фадли 8 шілдеде Сирияның Сармад қаласы маңында АҚШ ұйымдастырған әуе шабуылынан мерт болған. Бұл ақпаратты 21 шілде күні Пентагон таратты.

Пентагон Мухсин әл-Фадлиді 2002 жылы қазанда Парсы шығанағындағы Файлак аралында АҚШ теңіз жаяу әскеріне және Францияның MV Limburg танкеріне жасалған шабуылдарға қатысы бар адам деп санайды. Пентагон баспасөз хатшысы капитан Джефф Дэвистың айтуынша, Мухсин әл-Фадли «әл-Қаида» террорлық ұйымы басшыларының сеніміне ие санаулы адамдардың бірі ретінде 2011 жылы қыркүйектің 11-і күні шабуылдар жасалатыны туралы алдын ала хабардар болған.

«Ол «әл-Қаида» ұйымының «Хорасан» тобына жетекшілік жасаған, бұл топ АҚШ пен Еуропада шабуылдар ұйымдастыруды жоспарлаумен айналысқан» дейді Дэвис.

Бұған дейін АҚШ билігі Мухсин әл-Фадлидің қайда жасырынып жүргені туралы құнды ақпарат үшін 7 миллион доллар сыйақы тағайындаған.

XS
SM
MD
LG