Accessibility links

MacArthur қоры Ресейдегі қызметін доғармақ


Ресей Федерация кеңесінің отырысы. (Көрнекі сурет).
Ресей Федерация кеңесінің отырысы. (Көрнекі сурет).

АҚШ-та орналасқан "Макартур" (MacArthur) қоры Ресейдегі жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Ресейде 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан қор жұмысын доғаруына Ресейдегі шетелдік ұйымдарды тіркеу туралы заңнамалар себеп дейді.

Қор Мәскеудегі кеңсесін жабатыны туралы мәлімдемесінде "Жаңа ережелер Ресейде тиімді жұмыс істеуді қиындатты. Ресей үкіметі бұл ережелер арқылы MacArthur-дың жұмысын жалғастыра бергенін қаламайтынын айқын білдірді" дейді.​

MacArthur қоры 1992 жылдан бері Ресейдегі жоғары білім беру саласындағы және адам құқықтарын қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарға грант түрінде 170 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлген.

Осы айдың басында Ресей парламентінің жоғарғы палатасы - Федерация кеңесі билік органдарынан арасында MacArthur қоры бар 12 шетелдік үкіметтік емес ұйым жұмысын "мұқият тексеруді" сұраған.

XS
SM
MD
LG