Accessibility links

Қырғыз президенті аппаратының бұрынғы басшысы ұсталды


Қырғызстан президенті аппаратының бұрынғы жетекшісі Данияр Нарымбаев.
Қырғызстан президенті аппаратының бұрынғы жетекшісі Данияр Нарымбаев.

Қырғызстан президенті аппаратының бұрынғы жетекшісі Данияр Нарымбаев "пара бопсалады" деген күдікпен қамауға алынды.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетініңхабарлауынша, Нарымбаев 22 шілдеде бас прокуратураға жауапқа шақыртылып, коррупция айыбымен ұсталған парламент депутаты Хаджимурат Коркмазовпен көздестірілгеннен кейін ұсталған.

Коркмазов өткен аптада бұрынғы депутат, 2013 жылы коррупция айыбымен сотталған Нариман Төлеевтің туысынан пара алды деген күдікпен ұсталған.

Нарымбаевқа "коррупциялық қылмысқа қатысы бар", "пара алды" және "қызметін теріс мақсатта пайдаланды" деген айып тағылған.

Президент Алмазбек Атамбаев Нарымбаевты қызметінен 20 шілдеде, Коркмазов ұсталғаннан бес күннен кейін босатқан.

Нарымбаев ол кезде өзін кінәсізбін деп, өзіне қатысты оқиғаны "үкімет беделіне нұқсан келтіру әрекеті" деп бағалаған.

XS
SM
MD
LG