Ресей соты бұған дейін елдегі жалғыз ГУЛАГ мұражайын басқарған "Пермь 36" үкіметтік емес ұйымына "шетел агенті" ретінде тіркеуден өтпегені үшін айыппұл салды.
Ресей заңы бойынша, шетелден қаржы алатын және елде саяси әрекетпен айналысатын кез-келген үкіметтік емес ұйым "шетел агенті" ретінде тіркелуі тиіс.
22 шілдеде Пермьнің Прикамье аудандық соты ұйымға 300 мың рубль (шамамен 5 мың 250 АҚШ доллары) айыппұл, ұйымның бұрынғы директоры Татьяна Курсинаға да 100 мың рубль (шамамен 1 мың 750 АҚШ доллары) айыппұл салды.
"Пермь 36" 1992 жылы Пермь облысында Сталин заманындағы репрессияның символы болған "Пермь-36" ГУЛАГ лагерінің орнына саяси қуғын-сүргін тарихы мұражайын ашқан.
Биыл наурыз айында "Пермь 36" аймақ билігі мұражайды бақылауына қайтарып алып, қуғын-сүргін мұражайы жабылғанын хабарлаған.
Сәуір айында Ресей әділет министрлігі "Пермь 36" ұйымын "шетел агенті" деп таныған.