Accessibility links

Сел суын тазалайтын техника жетпей жатыр


Алматыда болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.
Алматыда болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Алматыдағы селден үйлері зақымданған Наурызбай ауданы тұрғындары әкімдіктен аулаларын тазалайтын арнайы техника сұрап отыр.

Селден зардап шеккен аймақта жүрген Азаттық тілшісіне тұрғындар төтенше жағдай комитетіне үй маңындағы суды соруға қажетті техника сұрап өтініш жазғанымен, әзірге жауап болмағанын айтты.

Тұрғындар Азаттық тілшісіне аулалары мен бақшаларындағы селден қалған суды өз күштерімен және адам жалдап тазалап жатқандарын айтқан. Тұрғындар жалдамалы жұмысшылардың әр қайсына бес мың теңгеден төлегендерін де жеткізген.

Азаттық тілшісі тұрғындарға арнайы техниканың неліктен жетпей жатқанын Наурызбай аудандық әкімдігінен сұрамақ болғанымен, әкімдік қызметкерлері «Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен рұқсат алу керектігін» айтты. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі төтенше жағдайлар департаментіне сілтеді. Соңғысы сауалды мүлдем жауапсыз қалдырды.

23 шілде күні түнде Алматының Наурызбай ауданы аумағында сел жүрген. Қарғалы өзенінде су деңгейі көтеріліп, сел жүріп, үш ауданда үйлер мен нысандар зардап шекті. Сел жүрген аймақтан 1000-ға жуық адам эвакуацияланды. Адам шығыны туралы хабарланбады.

XS
SM
MD
LG