Пекин 2022 жылғы 26-қысқы олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алды. Бұл туралы бүгін Куала-Лумпурде Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-сессиясында өткен дауыс беру қорытындысында хабарланды.
Пекинмен қатар олимпиаданы өткізуге Алматы да өтініш білдіріп, бәсекелес болған. Дауыс беруге қатысқан ХОК-тің 85 мүшесінің 44-і Пекиннің кандидатурасын, 40-ы Алматының кандидатурасын қолдап дауыс берген. Бір өкілі қалыс қалған.
Пекинде 26-қысқы олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтеді.