Accessibility links

Прокурормен соттасқан журналист ақталды


"Central Asia Monitor" газетінің журналисі Рамзия Юнусова. Шымкент, 31 шілде 2015 жыл.
"Central Asia Monitor" газетінің журналисі Рамзия Юнусова. Шымкент, 31 шілде 2015 жыл.

31 шілдеде Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотында журналист Рамзия Юнусованың ісі қаралып, үкім шықты. Сот Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының прокуроры Талғат Сейдуалиевтің журналистің үстінен түсірген шағымын қанағаттандырмады.

Бүгінгі сот отырысында «Central Asia Monitor» газетінің тілшісі Рамзия Юнусоваға соңғы сөз берілді. Журналист 2015 жылдың 25 мамырында жарыққа шыққан «Прокурордың миллиондары» атты мақаласын нақты дерек көздеріне сүйеніп жазғанын айтып, соттан өзін ақтауды сұрады.

Ал жәбірленуші прокурордың сенімді өкілі әрі адвокаты Махмут Ақбаев Азаттыққа Рамзия Юносованың «Прокурордың миллиондары» атты мақаласында келтірген деректерді жалған деп санайтынын айтты.

Бірақ судья Мадияр Әбдірасилов прокурор Талғат Сейдуалиевтің журналист Рамзия Юнусованың «Прокурордың миллиондары» атты мақаласы үшін үстінен жазған шағымы негізінде, қылмыстық кодекстің 130-бабының 2-тармағы бойынша қозғалған қылмыстық істі негізсіз деп тапты.

«Істе қылмыстық әрекеттің болмауынан журналист кінәсіз деп танылсын» деді судья.

"Прокурордың миллиондары" мақаласында журналист "жергілікті банктен несие алып, оны дер кезінде қайтара алмаған лауазымды тұлғаның қомақты соманы аз уақытта қайдан алуы мүмкін екенін" білгісі келген.

XS
SM
MD
LG