Accessibility links

"Боко Харам" тұтқынынан жүздеген адам босатылды


"Боко Харам" тобы жариялаған видеодан скриншот.
"Боко Харам" тобы жариялаған видеодан скриншот.

Нигерия үкімет әскерінің өкілдері "Боко Харам" террористік ұйымының тұтқынында отырған 180-ге жуық адамды босатқандарын" хабарлады.

Нигерия қарулы күштерінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, содырлар тұтқынынан жүзге жуық қыз бала, оннан астам ересек ер мен әйел адам босатылған. Нигерия үкіметі "Борно штатындағы операция кезінде "Боко Харам" ұйымы қолбасшыларының бірі ұсталғанын" да хабарлады.

Соңғы алты жыл бойы Нигерияның солтүстік-шығыс аймағында «Боко Харам» экстремистері террорлық әрекеттер жасап келеді. Олар Нигерияда шариғат заңымен өмір сүретін мемлекет құруды мақсат тұтады.

XS
SM
MD
LG