Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында бүгін қазақ ойшылы Абай Құнанбайұлының 170 жылдығын тойлау жалғасты деп хабарлайды шара өтіп жатқан жерден Азаттық тілшісі.
Бүгін таңертең ақын тойына жиналған жұрт Абай кесенесі басында құран бағыштап, құрбандық шалды. Абай кесенесі мен мұражайы орналасқан Жидебайда жаңа туристік кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Даниал Ахметов те қатысты.
Туристік кешенде қонақ үй, асхана және Абайтану орталығы бар.
Абай Құнанбайұлының 170 жылдық тойы бүгін Абай ауданындағы Қарауыл ауылында жалғасады. Шара барысында Мамай батыр ескерткіші ашылып, бәйге, айтыс ұйымдастырылмақ.
Абайдың 170 жылдығына жергілікті тұрғындармен бірге Қазақстанның басқа да аймақтарынан арнайы келген қонақтар қатысып жатыр.