"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырлары Сирияның стратегиялық Хомс провинциясындағы Әл-Карьятэн қаласын басып алған соң 230-ға жуық бейбіт тұрғынды ұрлап әкетті. Лондонда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегінше, ұрланғандар арасында кемінде 60 христиан бар.
Сирияның солтүстігіндегі Халеба қаласынан христиандардың көпшілігі бас сауғалап Әл-Карьятэн қаласына қашқан.
Syrian Observatory for Human Rights ұйымының жетекшісі Рами Абдель Рахманның айтуынша, ИМ бұған дейін ұрланғандарға "Сирия режимімен жұмыс істесті" деген айыппен іздеу жариялаған.
Соғысқа дейін Әл-Карьятэн қаласында сүнниттер мен екі мыңға тарта католик және православ христиандарын қосқанда 18 мың халық тұрған.
Осы күні қалада қалған христиандар саны бірнеше жүз адамды ғана құрайды.