Accessibility links

Хорватия ИМ кепіліндегі азаматының қазасын анықтамақ


ИМ тобы кепілге алған Томислав Салопек.
ИМ тобы кепілге алған Томислав Салопек.

Хорватия премьер-министрі Зоран Милановичтың мәлімдеуінше, ел үкіметі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының қолына түскен хорват азаматының өлімін толық нақтылай алмай отыр.

Бұған дейін ИМ тобы өздері тұтқынға алған Хорватия азаматы Томислав Салопектың басын алғанын мәлімдеп, оның денесінің суретін Twitter желісіне салған.

Франциялық CGG компаниясында жұмыс істеген Салопекті шілде айында Египет астанасы Каирдың батысында ұрлап әкеткен еді. Оны тұтқындағандар Египет түрмесіндегі барлық мұсылман әйелдерді босатуды талап еткен.

XS
SM
MD
LG