Accessibility links

Кеденде ұсталған вагондар Қырғызстанға өте бастады

Жамбыл облысы "Құланды" кеден бекетінен ұсталған мұнай өнімдері құйылған цистерна-вагондар. Жамбыл облысы, 16 шілде 2014 жыл. Сурет Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар қызметінің жеке мұрағатынан алынды.

Қазақстан Жамбыл облысындағы «Луговая» кедендік бекетінде 2014 жылдың сәуірінен бері тұрған жағар-жанармай тиелген вагондарды Қырғызстанға өткізе бастады.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бүгінге дейін 352 вагонның 48-і Қырғызстанға өткен. Қалған вагондар алдағы уақытта толық өткізіледі деп хабарланды.

Ресейден Қырғызстанға жағар-жанармай апара жатқан вагондарды 2014 жылы Қазақстан «құжаттары дұрыс болмағандықтан» кеденнен өткізбей қойған еді.

12 тамызда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы арасында кедендік бақылау жойылған.

XS
SM
MD
LG