Accessibility links

Өзбекстанда екі содыр әйелді іздеп жатыр


Өзбекстанда іздеуде жүрген екі күдікті әйелдің фотороботы.
Өзбекстанда іздеуде жүрген екі күдікті әйелдің фотороботы.

Өзбекстан құқық қорғау органдарының мыңға жуық қызметкері Ферғана алқабынан өзін өзі жаруға дайындалуы мүмкін деген күдікті екі әйелді іздеп жатыр.

Азаттықтың өзбек қызметіне осы жайтқа байланысты түсінік берген полицияның айтуынша, қаруланған екі әйел бір отбасыны тонап кеткен. Осыдан кейін құрылымдық күштер қарулы екі әйелді іздеуді бастаған.

Құқық қорғау органдары халыққа ескерту таратып, екі күдіктінің фотороботтарын жариялады.

Полиция таратқан мәлімет бойынша, екі күдіктінің белінде террористер қолданатын "шаһид" белдігі болған.

XS
SM
MD
LG