Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Саяси тұтқын Николай Статкевич бостандыққа шықты
23 тамыз 2015 жыл, 10:05
Тамыздың 22-і күні түрмеден босап шыққан Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті сенбі күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалында жүздеген адам қарсы алды. Азаттықтың Беларусь қызметінің суреттері.
Түгел оқыңыз
Қысқарту
1
Беларусь президенттігіне экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичтің түрмеден бостандыққа шыққан күні кешке Минскідегі «Восточный» автовокзалына келіп түскен сәті. 22 тамыз 2015 жыл.
2
59 жастағы Николай Статкевичті Минскінің «Восточный» автовокзалында жүздеген адам гүл ұстап, қуанышпен қарсы алды. 22 тамыз 2015 жыл.
3
2010 жылы желтоқсанның 19-ы күні Беларусь президенті сайлауындағы бұрмалауға наразылық білдіріп Минскіде мыңдаған адам қатысқан шеру кезінде соққыға жығылған оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті полиция ұстап әкеткен. Сол кезден бастап ол қамауда отырды.
4
Беларусь соты оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті 2011 жылдың мамырында «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды» деген айыппен алты жылға соттаған еді. Сот үкімінен соң Шклов қаласындағы еңбекпен түзеу колониясына жазасын өтеуге жіберілген Статкевич «лагерьдің ішкі ережесін үнемі бұза бергені» үшін 2012 жылы көшпелі соттың шешімімен жабық режимдегі түрмеге ауыстырылған.
5
Президенттікке экс-кандидат, оппозициялық саясаткер Николай Статкевичті батыс елдері мен құқыққорғаушы ұйымдар «саяси тұтқын» деп танып, оны түрмеден босатуды Минскіден табанды түрде талап етіп келді.
6
Түрмеден босап шыққан оппозициялық саясаткер Николай Статкевичтің Минскідегі «Восточный» автовокзалында жақын адамдарымен қауышқан сәті. 22 тамыз 2015 жыл.
7
Түрмеден босап шыққан саяси тұтқын Николай Статкевичті автовокзалда қарсы алуға келгендер. Минск, 22 тамыз 2015 жыл.
8
Николай Статкевич өзін автовокзалда гүлмен қарсы алғандардың арасында тұр. Минск, 22 тамыз 2015 жыл.
9
Түрмеден шығысымен берген алғашқы сұхбатында Николай Статкевич рақымшылық сұрап ешқашан өтініш жазбағанын, өзін түрмеден босату туралы президент Лукашенконың жарлығы тосын жаңалық болғанын айтты. Ол елден кетпейтінін, демократия жолындағы күресті жалғастыратынын мәлімдеген.
11
Николай Статкевичтен өзге түрмедегі беларусь оппозициялық белсенділері Игорь Олиневич, Николай Дедок, Артем Прокопенко, Евгений Васькович және Юрий Рубцовке де президент Лукашенконың жарлығымен рақымшылық жарияланған.
Саяси тұтқын Николай Статкевич бостандыққа шықты
XS
SM
MD
LG