Accessibility links

Астана мен МАГАТЭ уран банкін құру келісімін жасады


Үлбі металлургиялық зауытындағы радиоактивті зат салынған ыдыс. (Көрнекі сурет)
Үлбі металлургиялық зауытындағы радиоактивті зат салынған ыдыс. (Көрнекі сурет)

Бүгін Астанада Қазақстан үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасында Қазақстан аумағында аз байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге Қазақстан тарапынан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, МАГАТЭ тарапынан - Юкия Амано қол қойды.

Банк Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытында орналасады. Онда атом энергетикасының қажеттілігі үшін пайдаланылатын аз байытылған уран қоры сақталады.

Бұған дейін жергілікті сарапшылар Өскемен қаласындағы Үлбі металлургиялық зауытында салынатын «халықаралық ядролық отын банкі аймақ экологиясы мен тұрғын халыққа қауіп төнбейді» деп мәлімдеген.

Қазақстан 2009 жылы өз аумағында аз байытылған уран банкін орналастыру туралы бастама көтерген. Осыған дейін энергетика министрлігі жанындағы атом энергетикасын бақылау комитетінің төрағасы Тимур Жантикин ядролық отын банкі 2017 жылы уран материалдарын қабылдайтынын айтқан.

XS
SM
MD
LG