Accessibility links

Сот Nakanune.kz сайтына қатысты шешімді өзгертпеді


Оппозициялық Nakanune.kz сайты иесі Гузяль Байдалинова.
Оппозициялық Nakanune.kz сайты иесі Гузяль Байдалинова.

Бүгін Алматы қалалық сотында оппозициялық Nakanune.kz сайтына қарсы "Казкоммерцбанктің" талап-арызына қатысты аппеляциялық шағым қаралды.

Сайт иесі - журналист Гузяль Байдалинованың Азаттыққа хабарлауынша, қалалық сот үкімді өзгеріссіз қалдырған. Енді сайт иесі кассациялық сотқа шағым түсірмек ниетте.

Маусым айында Алматы қаласы Медеу аудандық cоты "Казкоммерцбанктің" шағымы бойынша «іскерлік беделіне нұқсан келтірді» деген айыппен сайт иесінен банк пайдасына өтемақы ретінде 20 миллион теңге өндіруге қаулы шығарған болатын.

"Казкоммерцбанк" заңгерлерінің мәлімдеуінше, талап-арыз түсіруге "жалған әрі банктің беделін түсіретін ақпарат келтірілген" бірнеше мақала түрткі болған. Талапкер тарап Nakanune.kz сайтында жарияланған "мақалалардың кесірінен жарнама науқаны сәтсіздікке ұшырап, банк табыстан қағылғанын" айтады.

XS
SM
MD
LG