Accessibility links

Түркия ұшақтары Сириядағы ИМ-ге соққы берген


Түркия әуе күштерінің F-16 ұшағы. Адана әскери базасы, 11 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Түркия әуе күштерінің F-16 ұшағы. Адана әскери базасы, 11 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Түркия әскери әуе күштері Сирия жеріндегі «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының позицияларына алғаш рет соққы берді. Бұл туралы ресми Анкара хабарлаған.

Түрік үкіметінің мәлімдемесінде ИМ тобына жұма күні кешкісін әуеден шабуыл жасалғаны айтылған, бірақ операцияның нақты нәтижелері туралы мәлімет келтірілмеген.

Бұған дейін, тамыздың басында Түркия мен АҚШ арасында ұзаққа созылған келіссөздерден соң, Анкара Сирия мен Иракта ауқымды жерді бақылауда ұстап тұрған «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция күштеріне өз аумағынан екі әуе базасын беруге келіскен еді.

Кейінірек халықаралық коалицияның ИМ тобына қарсы әуе операцияларына Түркия да қатыса алатыны туралы келісім жасалған.

XS
SM
MD
LG