Accessibility links

Астанада пикетке шыққан адамды полиция ұстады


Орал қаласының тұрғыны Иса Бекетов Жоғарғы сот алдында жалғыз адамдық пикетте тұр. Астана, 2 қыркүйек 2015 жыл.
Орал қаласының тұрғыны Иса Бекетов Жоғарғы сот алдында жалғыз адамдық пикетте тұр. Астана, 2 қыркүйек 2015 жыл.

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласының тұрғыны Иса Бекетов бүгін Астанада Жоғарғы сот ғимараты алдына жалғыз адамдық наразылық акциясына шықты.

Ол өзіне қарсы сот ісінің әділетті қаралуын талап етіп, аштық жариялайтынын мәлімдеді. Иса Бекетов жиналған журналистерге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан жәрдем сұраған үндеуін айта бастаған кезде оны полиция ұстап әкетті.

Жалғыз адамдық акция өткен жерде прокуратура өкілі болған жоқ.

Мемлекеттік мал дәрігерлік компания директоры болып істейтін Иса Бекетовке «мемлекетке екі миллион теңгеден аса көлемде зиян тигізген» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» деген айыптар тағылған. Оның үстінен қозғалған іс бойынша сот жалғасып жатыр.

Иса Бекетов өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді.

Жоғарғы сот алдындағы жалғыз адамдық акция:

Иса Бекетовтің наразылық акциясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:09 0:00

XS
SM
MD
LG