Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің мемлекет басшылары ұйым саммитін өткізу үшін бүгін Душанбеге жиналып жатыр.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері бүгін жеке-жеке кездесіп, ертең саммит өткізеді.
Душанбе мен оның маңында қыркүйектің басында болған шабуылдарды ұйымдастырушыларды ұстау операциясы жалғасып жатқандықтан қалада қауіпсіздік шарасы күшейтілген.
Тәжікстан арнайы қызметі 17 адам өлген шабуылға бұрынғы қорғаныс министрі, генерал Абдухалим Назарзоданы айыптайды. Қазір Назарзода мен оның бірнеше жақтасын қолға түсіру операциясы жүріп жатыр.
ҰҚШҰ саммитінде ұйымның бас хатшысы мен оның біріккен штаб-пәтерлерінің басшылары сайланады деп жоспарланған.