Бағдадтың орталығында бүгін екі жанкештінің өзін-өзі жарып жіберген шабуылынан кемінде 14 адам құрбан болып, 33 адам жараланды.
Ирак билігінің хабарлауынша, жарылыстар Бағдадтағы сауда орындары маңында орналасқан полицияның бақылау бекеттерінде болған.
Қаладағы Баб әл-Шаржи ауданындағы алғашқы жарылыстан сегіз бейбіт тұрғын мен бір полицей мерт болған. 21 адам жараланған. Ал Әл-Ватба алаңында болған екінші жарылыстан үш бейбіт тұрғын мен екі полицей қаза тауып, 12 адам жараланған.
Шабуылдарға жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Бағдадта бұған дейін жасалған жарылыстардың көпшілігін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.