Accessibility links

Оңтүстік Қазақстан облысында әскери снарядтар табылды


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласындағы қараусыз қалған астық қабылдайтын бекеттен 25 дана артиллериялық және миноментті әскери снаряд табылды деп хабарлады Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі.

ІІД мәлімдеуінше, 20 қыркүйек күні түнде Арыс қаласының тұрғыны астық қабылдайтын бекет маңындағы тоғаннан снарядқа ұқсайтын металл зат тауып алғанын қалалық ішкі істер бөліміне хабарлаған.

«Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері бекетті қоршауға алып, ондағы азаматтарды қауіпсіз жерге көшірді» дейді баспасөз қызметі.

Оқиға орнында саперлер табылған 25 металл заттың артиллериялық және миноментті әскери снарядтар екенін, көп уақыттан беру суда жатқанын анықтаған. Бұдан соң полицейлер снарядтарды жоюға алып кеткен. «Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды» дейді ІІД баспасөз қызметі.

Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG