Accessibility links

"ВКонтакте" желісінде 5 ЛГБТ тобына тыйым салынды


"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің логотипі (Көрнекі сурет)
"ВКонтакте" әлеуметтік желісінің логотипі (Көрнекі сурет)

Ресей федералдық байланыс, ақпараттық технология және коммуникация саласына бақылау жасау қызметі (Роскомнадзор) "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі бес қауымдастыққа "жасөспірімдердің дәстүрлі емес жыныстық қатынасын насихаттайды" деп тыйым салды. Қауымдастықтар сот шешімімен тыйым салынған ақпараттар реестріне енгізілген.

"Аталған топтар мен ондағы ақпараттар мазмұны әдейі түрде балалар мен жасөспірімдерге арналған. Бұл қауымдастықтарда жасөспірімдермен дәстүрлі емес жыныстық қатынасқа түсу мақсатымен танысу туралы хабарландырулар, жасөспірімдер мен ересектер арасындағы дәстүрлі емес жыныстық қатынасты ашық түрде бейнелейтін суреттер, басқа да заңға қайшы ақпараттар бар" делінген Роскомнадзор хабарламасында.

Тыйым салынған қауымдастықтар арасында "Дети-404. ЛГБТ-подростки" тобы бар. Бұл топ парақшасында интернет қолданушылар өзінің басынан өткенін жасырын түрде баяндап, психологтан көмек сұрай алады.

2013 жылдың маусымында Ресей президенті Владимир Путин гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын заңға қол қойған.

XS
SM
MD
LG