Accessibility links

Лавров: АҚШ пен Ресей ИМ-ге қарсы ынтымақтасады


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Нью-Йорк, 28 қыркүйек 2015 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Нью-Йорк, 28 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей мен АҚШ президенттері Нью-Йорктегі кездесуінде "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күрес жолдарын іздестіріп, түзуге уағдаласты деп мәлімдеді. Екі президент 28 қыркүйекте БҰҰ Бас ассмблеясының сессиясы аясында, соңғы екі жылда бірінші рет кездескен.

Путин мен Обаманың кездесуінен соң, 29 қыркүйекте RT телеарнасына берген сұхбатында Лавров кездесуді "өте нәтижелі" деп бағалап, Сирия мәселесінде "Ресей мен АҚШ-тың тығыз ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері" талқыланғанын айтты.

Лавров екі президент ИМ-ді күйрету "екі елге ортақ мақсат деген тоқтам жасағанын" айтты. Министрдің сөзінше, АҚШ та, Ресей де ИМ-нің табысқа жетуіне мүдделі емес.

АҚШ бұған дейін Кремльді Сирия президенті Башар Асад әскеріне жетілген қару-жарақ, әскери ұшақтар мен техникалар жөнелтті деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG