Франция, Германия, Украина және Ресей президенттері бүгін Парижде Украина шығысындағы қақтығысты реттеуге қатысты кездеседі.
Кездесудегі басты тақырыптар - Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистердің өздері бақылайтын аудандарда жергілікті органдарға сайлау өткізуі, бұл аудандарға халықаралық бақылаушыларды жіберу, қақтығыс аймағынан ауыр қару-жарақтарды әкету жайы болмақ.
Киев пен сепаратистер жетекшілері осы аптада үкімет әскері мен сепаратистер арасындағы қақтығыс аймағынан шағын қару-жарақтарды әкетуге келіскен.
"Қазір қандай да бір қарар қабылдауға әлі ерте, бірақ дағдарысты шешуге болады деген сенім орнайтындай мүмкіндік бар. Ең бастысы - қазір Донбаста атыс тоқтағаны болып отыр" деген Ресей президенті Владимир Путин 1 қазанда.