Accessibility links

Украина әскері қару-жарақты әкетуге бұйрық күтіп тұр


Мариуполь қаласы маңында жаттығу өткізіп жатқан украиналық әскерилер. 22 қыркүйек 2015 жыл.
Мариуполь қаласы маңында жаттығу өткізіп жатқан украиналық әскерилер. 22 қыркүйек 2015 жыл.

Украина қарулы күштері Луганск облысындағы қорғаныс шептерінде бронь сауыты бар техника мен калибрі 100 миллиметрден кіші қару-жарақты әкету туралы бұйрықты күтіп отыр. Бұл туралы бүгін Луганск облысындағы арнайы операцияның баспасөз хатшысы Руслан Ткачук хабарлаған. Оның айтуынша, үкімет күштерінің тиісті маршруттары мен орналасатын аудандары белгіленген.

Сенбі күні Украина қарулы күштері бас штабының өкілі Владислав Селезнев үкімет күштері бүгін Донбастағы қақтығыс аймағы сызығынан қару-жарақты әкете бастайтынын мәлімдеген. Оның сөзінше, атысты тоқтату шарты орындалған жағдайда қару-жарақты әкету процесін халықаралық бақылаушылар қадағалайтын болады.

Бұның алдында өзін өзі жариялап алған «Луганск халық республикасы» билік орындары «ЛХР халық милициясы» танктерді қақтығыс шебінен әкете бастағаны туралы мәлімдеген еді. «Осы қазір әскери машиналар колоннасы [екі тараптың] түйісу сызығы бойынан кемінде 15 километрдегі жаңа орнына қарай жылжи бастады» деп хабарлаған «Луганск ақпарат орталығы».

Жұма күні Парижде аяқталған «норман төрттігі» кездесуінен соң Украина президенті Петр Порошенко қазанның 3-і күні украиналық әскерилер калибрі 100 миллиметрден кіші қару-жарақты Донбастағы түйісу сызығы бойынан әкете бастайды деп мәлімдеген. Оның сөзінше, жеңіл қару-жарақты қақтығыс аймағынан шығару 41 тәулікке жалғаспақ.

XS
SM
MD
LG