Минскте жүздеген адам жиналып, Беларусьта ресейлік әскери база құрылуына қарсылық білдірді.
Бірнеше сағатқа созылған қарсылық шарасына 500-ге жуық адам қатысты. Президенттікке кандидат болған Николай Статкевич әскери база орналастыру жоспарын ел болашағына қауіпті деп бағалады.
Қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Минскте әскери база орналастыру туралы ұсынысын айтқан. Қазір Беларусь шекарасында екі ресейлік әскери обьект пен бірнеше ресейлік атқыш құрылғылары орнатылған.