Accessibility links

Bellingcat: Boeing ұшағын ресейлік "Бук" атқан


Апатқа ұшыраған Boeing 777 ұшағы қаңқасын жинап жүрген жұмысшылар. Украина, 21 шілде 2014 жыл.
Апатқа ұшыраған Boeing 777 ұшағы қаңқасын жинап жүрген жұмысшылар. Украина, 21 шілде 2014 жыл.

Халықаралық Bellingcat тергеу тобы 2014 жылдың шілдесінде Шығыс Украинада Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағының апатқа ұшырауына ресейлік "Бук" зымыран кешені себеп болған деп мәлімдеді.

Топтың есебіне қарағанда, ұшақты Курск түбіндегі зенитті-зымыран бригадасына тиесілі "Бук" атқан. Қару ұшақ апатқа ұшыраған 17 шілде күні Донецк облысындағы Снежное қаласының оңтүстігінде тұрған, ал 18 шілдеде Луганскіге қарай әкетілген.

Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып шыққан Boeing-777 ұшағы 2014 жылдың 17 шілдесінде Донецк облысының Грабово елді мекені аумағында апатқа ұшыраған. Ұшақтағы 298 адамның барлығы қаза тапты.

Украина билігі ұшақ апатына "ресейлік зениттік зымыран кешенін қолданды" деп ресейшіл сепаратистерді айыптаған. Ресей апат болған аймақта Украина әскери-әуе күштерінің ұшақтары болуы мүмкін екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG