Парламент мәжілісі "Қазақстан Республикасының миграция және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобасында Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтарға азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен беру, колледждер мен жоғары оқу орындарында және одан кейінгі білім беру мекемелерінің жатақханаларында уақытша тіркеуге тұру құқығын беру қарастырылған.
Бұған қоса сырттан келген этникалық қазақтарға қай облысқа барғанына қарамастан оралман мәртебесін беру, бөлген облыстарға барған жайдайда әлеуметтік жеңілдіктер беру, оралмандарды бейімдеуді жеңілдету, экономикадағы кадр мұқтаждығын шешу жайы қарастырылған.