Accessibility links

Мұрат Оспановқа қатысты сот атқару өндірісі тоқтады


Бұрынғы табиғи монополияларды қорғау агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов. Астана, 13 ақпан 2015 жыл.
Бұрынғы табиғи монополияларды қорғау агенттігінің басшысы Мұрат Оспанов. Астана, 13 ақпан 2015 жыл.

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановқа қатысты сот атқару өндірісі тоқтатылды деп хабарлады бүгін Астанан қалалық сотының баспасөз қызметі. Соттың хабарлауынша, Оспанов сот салған 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұлды толық төлеген.

Астана соты ақпанның 13-і күні Мұрат Оспановқа "коррупциялық қылмыс жасады" деп айыптап, 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұл салып, дүние-мүлкін тәркілеуге үкім шығарған. Үкім бойынша, Оспанов айыппұлды бір ай мерзімде төлеуі тиіс болған. Бірақ кейін сот Оспановтың айыппұлды төлеу мерзімін алты айға шегеру туралы өтінішін қанағаттандырған.

Бұған қоса, кассациялық сот Оспановты мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқаруына 7 жылға тыйым салған.

Сот Оспановқа қатысты атқару өндірісі 12 қазанда тоқтатылғанын айтады.

XS
SM
MD
LG