Алматыда бүгін "Өзгерістер кезеңіндегі медиабизнес: құлдырау ма әлде түрлену ме?" деп аталатын алғашқы халықаралық медиа саммит өтіп жатыр.
Rixos қонақүйінде өтіп жатқан саммитте телевизия, әлеуметтік желі, онлайн жарнама, блогосфера, Қазақстандағы жаңа медиа мәселелері бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылған. Саммитке тренинигтер мен семинарлар өткізу үшін Қазақстан, Ресей, Укаина, АҚШ, Германия және Швейцариядан ақпарат саласына қатысты мамандар шақырылған.
Медиа саммит бүгін аяқталады.