Accessibility links

Назарбаев Путин сапарын "ерекше оқиғаға" теңеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде. Астана, 15 қазан 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде. Астана, 15 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде Путиннің Қазақстанға сапарын "ерекше оқиға" деп мәлімдеді. Ақордадағы кездесуі қарсаңында Назарбаев Ресей - Қазақстанның Еуразия экономикалық одағындағы (ЕАЭО) стратегиялық әріптесі екенін айтқан. Назарбаевтың пікірінше, қазір өзара тауар айналымы көлемінің азайып кетуі "уақытша құбылыс" және проблемаларды шешу үшін ішкі резервтерді пайдалану қажет.

- ЕАЭО барлық мекемелер тең құқылы болғанда, шенеуніктеріміз өзін халықаралық деңгейдегі шенеуніктер ретінде сезінгенде, ЕАЭО-ға мүше барлық елдің мүддесі мен ортақ экономикалық ұстанымға қызмет еткенде ғана өмір сүре алады, - деді Назарбаев.

Путин қазіргі жағдайда екі ел қарым-қатынасы екі жақты жоспар аясында "өте тиімді" дамып жатыр деп санайтынын айтты.

- Кейбір қиындықтарға қарамастан, Ресейдің Қазақстанға салған орташа инвестиция көлемі артып келеді және ол тоғыз миллиард АҚШ долларынан асты. Қазақстанның сыртқа шығаратын мұнайының көбі Ресей аумағы арқылы тасымалданады, - деді Путин кездесуде.

Путин Астанаға кеше кешке келген. Ол ертең Назарбаевпен бірге ТМД елдері басшылары кеңесі мен Еуразия экономикалық кеңесінің жиынына қатысады.

XS
SM
MD
LG