Accessibility links

ЕО мен Түркия мигранттар ағынын тежемек


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) мен Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск. Брюссель, 15 қазан 2015 жыл.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған (сол жақта) мен Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск. Брюссель, 15 қазан 2015 жыл.

Еуропа Одағы мен Түркия басшылары 16 қазанда Брюссельде өткен саммитте Еуропаға баратын мигранттар ағынын шектеу іс-қимылдарының алдын ала жоспарына келісті. ЕО Түркияға көмек ретінде және виза режимін жеңілдетіп, Еуропаға баратын босқын ағынын шектеу туралы келіссөзді жылдамдату үшін 3 миллиард еуро қаржылай көмек беруді мақұлдады.

Германия канцлері Ангела Меркель алдын ала жоспарда "маңызды әрі нақты көмек көрсету" жайлы айтылмаса да, ЕО Түркия сұраған 3 миллиард еуро қаржыны талқылап, беруге болады деп шешкенін айтты.

Еуропа комиссиясының басшысы Жан-Клод Юнкер

"Біздің Түркия басшыларымен әсіресе соңғы екі аптадағы жиі кездесуіміз бір мақсатқа - Түркия арқылы Еуропаға ағылған босқындар легін азайтуға арналды. Бүгінгі жоспар осы бағыттағы үлкен қадам саналады" деді Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск.

Түркия бұған дейін ЕО-дан босқындарды қабылдайтын орталықтар салуға үш миллиард еуро көлемінде қаржы мен Шенген зонасы елдеріне барғысы келетін Түркия азаматтары виза режимін жеңілдетуді сұраған.

Кейбір мәліметтер бойынша, қазір Түркияда негізінен Сириядан шыққан екі мыңға тарта босқын тұрып жатыр. Биылдың өзінде ЕО елдеріне 600 мыңға тарта мигрант барған. Халықаралық миграция істері жөніндегі ұйым дерегі бойынша, олардың көпшілігі Еуропаға Түркия арқылы жетеді.

XS
SM
MD
LG