Accessibility links

«КазТрансОйл» Грузиядағы еншілес компаниясын таратты


Грузияның Батуми қаласының порты. (Көрнекі сурет)
Грузияның Батуми қаласының порты. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның «КазТрансОйл» компаниясы Грузияның Қара теңіз жағалауындағы Батуми мұнай терминалына иелік ететін еншілес Batumi Terminals Limited компаниясын тарату туралы шешім қабылдаған.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) сайтында жарияланған ақпаратта 14-15 қазанда «КазТрансОйл» акционерлік қоғамы директорлар кеңесі Batumi Terminals Limited (Кипр Республикасы) компаниясын тарату туралы шешім қабылдағаны және оны таратушы етіп Anna Grigorieva & Co LLC компаниясын тағайындағаны туралы айтылған.

«КазТрансОйл» акционерлік қоғамы Batumi Terminals Limited (Кипр) компаниясы акцияларының толық иесі болып табылады. «КазТрансОйл» осы компания арқылы Грузиядағы өзі иелік ететін өндірістік активтерді – «Батуми мұнай терминалы» және «Батуми теңіз кемежайы» жауапкершілігі шектеулі қоғамдарын басқаруды жүзеге асырады.

Batumi Terminals Limited компаниясы активтеріне иелік ету және басқарудағы негізгі стратегиялық мақсат – Қара теңіздің өтімді нарығына қазақстандық мұнай және мұнай өнімдерінің тікелей шығуын қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды мұнай көлігі дәлізін жасау болатын.

XS
SM
MD
LG