Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі кісі өлтірді деп айыпталған Израиль азаматының 10 жылға қатаң режимдегі колонияға кесілгенін хабарлады. Алматы қалалық арнайы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты Израиль азаматы Имина Михаэлиді сырттай Дүниежүзілік жекпе жек федерациясының маманы Асқарбек Әбдібаевтың өліміне кінәлі деп тапты.
Тергеу мәліметі бойынша, 2005 жылғы 2 шілдеде Алматыдағы түнгі клубта болған төбелесте Михаэли Әбдібаевты пышақтап өлтірген соң, Қырғызстан арқылы Израильге қашып кеткен.
Соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір Михаэли халықаралық іздеуде жүр.