Мәскеуде «Хизб ут-Тахрир» ұйымының мүшесі деген 20 адам тұтқындалды
Мәскеудің Мещанский соты Ресейде тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир әл-Ислами» ұйымына мүше болуы ықтимал деген 20 адамды қамауға алу туралы санкция берді.
Террористік іс-қимылдарға қатысы бар деген бірнеше адамға қатысты қылмыстық іс қазанның 12-сі күні қозғалған.
Ұсталғандардың тек біреуі ғана Ресей азаматы, қалғандары – шетелдіктер.