Бангладеш астанасы Даккада бүгін таңертең болған бірнеше жарылыс салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, 80 адам жараланған деп хабарлайды жергілікті полиция.
Шабуыл Ашура мерекесін атап өтуге мешітке шиит мұсылмандар жиналып жатқан сәтте жасалған.
Полиция оқиға болған маңда күдікті екі адамды ұстаған. Әзірше бұл шабуылдарға жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.
Бұдан бір күн бұрын Пәкістанда шииттерге қарсы шабуылдан 18 адам мерт болып, ондаған адам жараланған еді.