Accessibility links

«Талибан» содырлары Әмударияда аралға қамалды


Түркіменстанмен арадағы Әмудария өзенінің Ауғанстан жағы. (Көрнекі сурет.)
Түркіменстанмен арадағы Әмудария өзенінің Ауғанстан жағы. (Көрнекі сурет.)

«Талибан» қозғалысының ондаған содыры Ауғанстан мен Түркіменстан арасын бөліп ағатын Әмудария өзеніндегі аралда қамалып отыр. Бұл туралы кеше Азаттыққа Ауғанстан вице-президентінің баспасөз хатшысы Султан Файзи хабарлады.

Содырлар Ауғанстан вице-президенті Абдул Рашид Достумның басшылығындағы үкімет әскерінің қарсы шабуылынан қашқан.

Үкімет күштері кеше Фарьяб провинциясындағы Гормач ауданын содырлардан босатып, қайтадан өз бақылауына алған. Апта басында ауған әскері «Талибан» жасағын Жаузжан провинциясындағы елдімекендерден тықсырған. 23 қазанда мінген мотоцикльдерін тастай қашқан «Талибан» жасағының ондаған адамы балықшылар қайығымен Әмудария өзеніндегі аралды паналаған. Бұл арал Ауғанстан мен Түркіменстан үшін шекаралық жер саналады.

Ауғанстан вице-президентінің баспасөз хатшысы Султан Файзи Азаттыққа содырлар аралдың Түркіменстанға тиесілі бөлігіне өтпесі үшін үкімет күштері оларға шабуылды тежегенін айтады. Файзидің сөзінше, енді содырларға екі жол қалған: өз еркімен берілу немесе аштан өлу.

Бұған дейін Түркіменстан билігі өз аумағына «Талибан» содырларын өткізбес үшін қажетті шаралардың барлығын жасап жатқанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG