Accessibility links

БҰҰ: Бір айда Сирияның 120 мың тұрғыны босып кетті


Еуропадағы сириялық босқындар. (Көрнекі сурет)
Еуропадағы сириялық босқындар. (Көрнекі сурет)

БҰҰ мәлімдеуінше, осы айда кем дегенде 120 мың адам Сириядан қашып шыққан. Босқын халықтың көбі - Алеппо, Хама, Идлиб қалалары тұрғындары.

БҰҰ "Сирия босқындары көрші елдер мен Түркияға барған" деп мәлімдеді. Ал Норвегияның босқындар ісі жөніндегі кеңесі "босқындардың көбі соғыс қатты жүріп жатқан Алеппо қаласынан қашып шыққан" деген ақпарат таратты.

Сирия территориясында бес жылдан бері жүріп жатқан соғыстан 250 мың адам қаза тапқан. Миллиондаған адам босып кеткен.

XS
SM
MD
LG