Accessibility links

Лавров: Отандастарды қолдау - басым бағытымыз


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров шетелдерде тұратын, Мәскеу "орыс әлемі" деп атайтын орыс тілді тұрғындарға "кешенді көмек" көрсету - Ресей сыртқы саясатының "сөзсіз басым бағыты" екенін мәлімдеді. Бұл жайлы мәлімдеме бүгін Ресейдің үкіметшіл "Российская газета" басылымында жарияланды.

"Президент Владимир Путин бірнеше рет қайталап айтқандай, біз отандастарымыздың құқығын барынша қорғай береміз және бұл үшін халықаралық құқық талаптарына сай келетін барлық күшімізді пайдаланамыз" деген Лавров.

Мақала Мәскеуде Шетелде тұратын ресейлік отандастардың дүниежүзілік конгресі басталуына бірнеше күн қалғанда басылып отыр.

XS
SM
MD
LG