Қазақстан қор биржасында кешкі сауда сессиясында АҚШ долларының бағамы 286 теңге 65 тиынға жетті. Бұл - бүгін таңғы саудадағы бағамнан 2 теңге 37 тиынға қымбат. Таңғы сессияда доллар бағамы 284 теңге 28 тиын болған.
Қазір ақша айырбастау орындарында доллар 287-289 теңгеден сатылып жатыр.
Қазақстан теңгенің еркін айырбас бағамына 20 тамыз күні өткен. Билік сол кезде елдің қаржылық жүйесіне тұрақсыздық қаупі төнген жағдайда ұлттық банктің ішкі валюта нарығына қатысуы мүмкін екенін айтып, жаңа ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге негізделгенін хабарлаған еді.
Қарашаның 2-сі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовті қызметінен босатып, орнына президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің жетекшісі Данияр Ақышевты тағайындаған.