Accessibility links

Франция ИМ-ге қарсы ұшақ тасушы кеме жөнелтпек


Францияның «Шарль де Голль» атомдық ұшақ тасушы кемесі. (Көрнекі сурет.)
Францияның «Шарль де Голль» атомдық ұшақ тасушы кемесі. (Көрнекі сурет.)

Франция билігі Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы күреске «Шарль де Голль» атомдық ұшақ тасушы кемесін жіберетінін мәлімдеді.

«Шарль де Голль» кемесі қазір Таяу Шығыс аймағындағы француздық 12 әскери ұшақтың (Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан 6 Дассо «Рафаль» жойғыш ұшақтары мен Иорданиядан ұшатын 6 Дассо «Мираж» жойғыш ұшақтары) қатарын толықтырады.

Франция өткен айда Сириядағы ИМ шебіне әуе шабуылдарын бастаған. Францияның Ирактағы содырларға қарсы әскери әуе операцияларын жүргізіп жатқанына бір жыл болды. Француз жойғыш ұшақтары Ирак аумағында жиыны 271 рет, Сирияда 2 рет соққы берген.

XS
SM
MD
LG