Accessibility links

Румынияда уақытша премьер-министр тағайындалды


Румыния премьер-министрі міндетін уақытша атқарушы Сорин Кампену.
Румыния премьер-министрі міндетін уақытша атқарушы Сорин Кампену.

Румыния президенті Клаус Йоханнис Бухаресте түнгі клубта шыққан өрттен көп адам құрбан болған соң болған наразылық шерулерінен кейін отставкаға кеткен премьер-министр Виктор Понтаның міндетін атқаруды білім министрі Сорин Кампенуге уақытша жүктеді.

Йоханнис Кампенуды уақытша қызметке саяси партиялармен жаңа үкіметті жасақтау туралы келіссөз басталар алдында тағайындады.

Қазанның 31-іне қараған түні Бухаресте түнгі клуб өртеніп, 32 адам қаза тапқан оқиғадан соң жаппай наразылық шеруіне шыққан демонстранттар премьер-министр Виктор Понта мен оның үкіметін «коррупцияға батқан» деп айыптап, отставкаға кетуін талап еткен еді.

Бұдан кейін көп ұзамай қызметінен кеткен Понта оның алдында «алаяқтық», «салықтан жалтару» және «қаржы жымқыру» айыптары бойынша тергеуде болған.

Виктор Понта отставкаға кеткенімен, 20 мыңға тарта демонстрант тарқамай, Бухарест көшесіне шығып, Румыния билігіндегі коррупцияны жоюды талап еткен.

XS
SM
MD
LG