Accessibility links

Белсенді Болатбек Біләлов екі айға қамалды


Азаматтық белсенді Болатбек Біләлов.
Азаматтық белсенді Болатбек Біләлов.

Астана соты «Антигептил» тобының мүшесі Болатбек Біләловті екі айға қамады деп хабарлады азаматтық белсендінің ағасы Қанат Біләлов. Оның сөзінше, ол адвокатпен бірге сот шешіміне шағымданбақ. Сот шешімі кеше кешке шыққан.

– Мен өзімді Болатбек Біләловтің қоғамдық қорғаушысы етуін және онымен кедергісіз жолығуымды талап етемін. Бірақ бұл әзірге ресми түрде іске аса қойған жоқ, - деді Қанат Біләлов.

11 қарашада Болатбек Біләловке тағылған айып қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-тармағынан («алауыздық туғызу») осы баптың 2-тармағына ауыстырылған. Бұл бап тармағы бойынша Біләловке «әлеуметтік, ұлттық алауыздық тудыратын қасақана әрекеттерді жасады» деген айып тағылған. Тергеушілер белсенді бұл әрекетті осы баптың 2-тармағында көрсетілгендей «қоғамдық бірлестік жетекшісі бола отырып және ақпарат құралдарын пайдаланып жария түрде жасады» дейді. 174-баптың 2-тармағы бойынша айыпты деп танылғандарға он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Болатбек Біләлов үкіметтік емес «Демократия және адам құқығы институты» ұйымының жетекшісі. Ол Астанадағы сүрілуі тиіс үйлер тұрғындарының мүддесін сотта қорғаушы ретінде танымал. Сонымен бірге ол – отын ретінде қоршаған ортаға аса қауіпті зат – гептилді пайдаланатын ресейлік зымырандарды Байқоңырдан ұшыруға қарсы шығып жүрген «Антигептил» тобының белсендісі.

Полиция 29 қазанда Болатбек Біләловтің Астанадағы үйіне тінту жүргізіп, оның кейбір құжат-қағаздарын, электрондық деректер сақталған компьютерін, іPad, ұялы телефон және басқа заттарын алып кеткен еді. Астана полициясы 30 қазанда оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG