Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" заңға қол қойды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ресми ақпарат бойынша, заң ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет жетістіктерін коммерциялық мақсатта пайдалануға, жеке кәсіпкерлік субъектілерін ғылыми зерттеу жұмыстарына тартуға, инновацияны қолданысқа енгізу деңгейін көтеруге, экономикада жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға арналған.